Өскемен қаласының орталығында көлік өртеніп кетті

297
көрілім

Автокөлік өрті бүгін түнде Қазақстан көшесінде тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Аулада тұрған «Газельдің» салоны мен шиналары өртенген, - деп хабарлады Өскемен қалалық ТЖБ-ның баспасөз қызметі.

Тілсіз жаудың жалпы аумағы 6 шаршы метрді құрады.

- Өрттің шығу себептері анықталуда, - делінген ведомство мәліметінде.