Өскемен трамвайлары жөндеуден өтпек

288
көрілім

Жарты айдан соң қала трамвайлары жөнделмек. Қазіргі уақытта бұл жұмысты қолға алатын мердігерді анықтау үшін байқау шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


«Өскемен Көлік Компаниясы» ЖШС-нің басшысы Михаил Чайканың сөзінше, он шақты ескі вагондардың қайта жөнделуіне байланысты жағдай ұзаққа созылды.
– Байқау шаралары өтті. Бірақ өтініштер кері қайтарылып, қайта байқау жарияланды. Нәтижесі он күнде белгілі болады. Тағы он күн жұмыс көлемімен танысуға беріледі. Сондықтан жөндеу жұмыстары жарты айдан соң басталмақ.