Өскемен тұрғыны күшіктерді аямай балталаған

299
көрілім

Әлеуметтік желіде қала тұрғынының күшіктерді аяусыз балталаған видеосы тарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жан түршігерлік бейнежазбаны өзі түсіріпті. Оқиға Өскеменде болған. Жануарға қатігездік көрсеткен ер адамның кім екені анықталды.
- Күшіктерді аяусыз балталап, сол әрекетін видеоға түсірген 56 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Тәртіпсіздігі бойынша есепте тұрған жоқ. Осыған қатысты жануарлаға қатігездік көрсеткені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деді ШҚО полиция депертаментіндегілер.

Валентина ГЕОРГИЕВНА