Өскемен тұрғыны күшікті бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберді

226
көрілім

Жануарлар құқығын қорғаушылардың айтуынша, оқиға 11 сәуірде болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Қаламызда жануарларға жауыздық көрсеткен тағы бір оқиға болды. Ер адам әйелімен жанжалдасып, күшікті бесінші қабаттан лақтырып жіберген. Асфальтқа құлаған итті көрген әйел айқайға басты. Оның шырылдаған дауысына адамдар жүгіріп келді. Қызым екеуміз де көшеге атып шықтық. Күшікті ветеринарлық емханаға апару үшін екі жігіт такси шақыруға көмектесті, - деді волонтер, жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспектор Елена Мұқанова. 
Емханада жамбастың зақымдалуы, қуық және жұмсақ тіндердің көгеруі анықталды. Күшік аман қалды. Клиникада ем алғаннан кейін оны үйіне оңалтуға жіберді.
- Жануарға қатыгездік жасаған ер адамды жауапқа тарту үшін полиция бөлімшесіне арыз түсірдік, - деді волонтер Елена Мұқанова.