Өскемен тұрғынынан патрондар табылды

308
көрілім

Тәртіп сақшылары пәтерін тінту кезінде резеңке оқ пен екі патрон тәркілеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, қылмыс жасаған 30 жастағы ер адамды Глубокое ауданының полицейлері құрықтаған.

- Сараптама қорытындысына сәйкес күдіктіден тәркіленген патрондар «Оса, Қарауыл» қару-жарақ кешенінен алынған. Оқ калибрі 18*45 мм арнайы травматикалық патрондар, атыс қаруына жарамды болып шықты, - делінген мәліметте.

Жауап алу кезінде ер адам үйінің жанынан жоғарыда аталған патрондарды, травматикалық тапаншасымен бірге үйінің маңынан тауып алғанын және оны өзін қорғау үшін қалдыруға шешім қабылдағанын айтты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.