Өскеменде 11 жасар қызды қағып кеткен көлік жүргізушісіне үкім шығарылды

793
көрілім
Шартты сурет

Жол-көлік оқиғасы Е.П Славский атындағы жағалауында болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Былтыр қыркүйек айының 7-сі күні 11 жастағы қыз Ертіс жағалауында орналасқан балалар алаңқайына бара жатқан. Жолдың ары жағына өту үшін алдымен маңайына қарайлап, сақтық танытты.

– Жаяу жүргінші жолынан өтпей тұрып, көліктердің тоқтағанын көрген ол алаңсыз алға басады. Жолдан өтуге сәл қалғанда, оң жақтан келе жатқан Toyota автокөлігі оны жылдамдықпен қағып өтеді. Зардап шегушінің бас-сүйегі зақымдалып, ауыр жарақаттар алған, – делінген ШҚО ПД ұсынған мәліметте.

1965 жылғы жүргізуші сотта былай деп ақталды: көршілес жолақпен келе жатқан екі көлік тоқтап, жаяу жүргіншілерді өткізген. Ел қатарлы ол да тоқтап тұрды. Сосын көліктер қозғала бастағанда, бөгелгісі келмей өте шықты.

Жүргізуші Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес кінәлі деп танылып, (жол қозғалысы ережесін бұзу арқылы абайсызда адам денсаулығына ауыр зақым келтіру) бір жыл бас бостандығынан айырылды. Енді ол үш жыл көлемінде рөлге отыра алмайды.

Айым ДҮЙСЕНБИНА