Өскеменде 35 млн теңгеге сатып алынған кореялық жабдықтар қолданылмай, босқа тұр

317
көрілім
Фотосурет автордікі

Бұл туралы жуықта Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифинг кезінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басшылығы ұсынды. Анықталғандай, өңірде медициналық бұйымдар туралы мемлекеттік реестрге енбеген жабдықты балансқа қабылдап алу фактісі тіркелді.

– Өкініштісі сол, бұл құралдар республика шеңберінде қолданылмайды. Айталық, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Оңтүстік Кореяда жасалған 12 медициналық жабдық сатып алған. Оның жалпы сомасы – 35,1 млн теңге. Тиісті сертификаттың болмауы және оны қолдану мүмкіндігінің жоқтығына байланысты құралдар пайдаланылмай келеді, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшысы Денис Шакенов.

Мәлім болғандай, миллиондар бөлініп, сатып алған жабдықтар 2017-ші жылдан бері Оңалту орталығындағы жеке бөлмелердің бірінде сақталып тұр.

Әділхан ЕСІМХАНОВ