Өскеменде ауыр қылмыстар саны азайып келеді

97
көрілім
Фотосурет turkystan.kz

Мұндай ақпаратты қалалық Полиция басқармасының өкілдері ұсынды. Басқарма бастығы, полиция полковнигі Андрей Мула қаладағы қылмыс жағдайлары туралы толыққанды ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қаладағы қылмыс көрсетіші өспеген. Жағдай тұрақты. Соңғы үш жылда қылмыс саны азайып келеді.
- Тіркелген қылмыстар саны 14,2%-ға азайды. Қаладағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің негізгі критерийі аса ауыр қылмыстардың, ең алдымен кісі өлтірумен қаралады. Қала бойынша аса ауыр қылмыстардың саны 3%-ға азайған. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, маскүнемдіктің, бұрын сотталғандармен жұмыс істеудің нәтижесінде қасақана кісі өлтіруді 28,6 пайызға  азайтуға мүмкіндік туды, - делінген мәліметте.
Қазір кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру мақсатында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау шаралары жүргізілуде. Өткен жылы түрлі құқық бұзушылықтар үшін 32 280 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция полковнигі Андрей Муланың ақпаратынша, киберқылмыс бүгінде қоғамдық қауіпсіздіктің жаһандық мәселесіне айналды. Осылайша, алаяқтық фактілері 9,1%-ға, интернет-алаяқтық 9,3%-ға өсті. Полиция қызметкерлері интернеттегі алаяқтықтың жолын кесу мақсатында тұрғындар арасында тұрақты түрде ауқымды профилактикалық, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жедел-алдын алу шараларын өткізуде.

Нұрбек АСҚАРОВ