Өскеменде «Автобус» жедел алдын алу шарасы өтеді

304
көрілім

Қоғамдық көлік жүргізушілері арасындағы тәртіпті жақсарту мақсатында 15-17 қаңтар аралығында «Автобус» жедел профилактикалық алдын алу іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Іс-шара барысында көлік құралдарының техникалық жағдайына ерекше назар аударылып, құжаттары тексеріледі.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері жолаушылар тасымалымен байланысты 7 жол-көлік оқиғасы орын алған болатын. Соның салдарынан 1 адам қайтыс болып, 2 адам жарақат алған.