Өскеменде екі оқушы пышақ жарақатын алған мектеп директорына қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде

248
көрілім

Еске салсақ, қаладағы орта мектептердің бірінде ерегесіп қалған екі оқушының бірі қалтасынан жиналмалы пышақ алып, қарсыласына сұғып жіберген. Ол өзіне де абайсызда дене жарақатын келтірген еді деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі ауруханаға жатқызылған жасөспірімдердің жағдайы қалыпты екендігін мәлімдеген. 

Өскемен қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, қазіргі уақытта мектеп директорына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

«Аталған факті бойынша білім бөлімі қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Мектеп әкімшілігі тәртіптік жазаға тартылды. Ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы тұрақты бақылауда. Мектеп директорына қатысты қызметтік тексеру тағайындалған. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады», - делінген ақпаратта.