Өскеменде әкімшілік айыппұлдарды төлемегендер сотқа тартылады

284
көрілім

11-13 қыркүйек аралығында облыс орталығында «Борышкер» жедел алдын алу шаралары өтеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Заңнамаға сәйкес төлемеушілерге қатысты мәжбүрлі түрде іс жүргізу қозғалады. Көлік айыппұлын төлеуден жалтарған адамдардың материалдары сотқа беріледі, – деп хабарлады қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Төлемейтіндердің автомобильдері әкімшілік жаза толық көлемде өтелгенге дейін арнайы тұраққа қойылады.