Өскеменде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған тегін курс ашылды

227
көрілім

Бүгін «Қарызсыз қоғам» курсының бірінші семинары өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
AMANAT партиясының және облыс әкімдігінің қолдауымен халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы курс ашылды. Бұл туралы ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов атап өтті:
- Облыс бойынша осындай курс аштық. Барлық аудан мен қалаларда іске асырылады. Астана қаласынан білім алып келген менторлар Риддер, Шемонаиха, Өскемен қалалары мен Глубокое ауданында өз жұмыстарын бастап кетті. Өкінішке қарай, еліміздің көптеген азаматы қарызға белшесінен батып, қиыншылықтарға тап болуда. Жобаның  мақсаты - халықтың қаржылық сауатын ашып, жаңа деңгейге көрсету, - дейді ол.


Жоба бойынша барлық аудан-қалада 6500 тұрғынды оқыту жоспарға қойылды. Оқу ұзақтығы - 5 күн. Түске дейін жалпы бағдарлама бойынша жүргізілсе, түстен кейін қатысушылардың қалауымен жеке кеңестер өткізіледі. Курсты толық меңгергендерге арнайы сертификаттар табысталады.

 

 

Валентина ГЕОРГИЕВНА