Өскеменде із-түссіз жоғалған ер адамның денесі табылды

85
көрілім
ашық дереккөзден

Согра ауданына қарасты ашық аумақтан қарт адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Buqara.kz  сайтының тілшісі.

 

Еріктілердің айтуынша, 1949 жылы туған ер адам Согра ауылында тұрған. Ол қыста жоғалып кетті. Соңғы рет 7 қаңтар күні сағат 16:30 шамасында хабарға шыққан.

«Бұл ер адамның мәйіті Согра маңындағы ашық аумақта табылды», - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 

Өлім себебін сараптама анықтайды.