Өскеменде қоғамдық көліктердегі электронды билеттеу кейінге қалдырылды

300
көрілім

Облыс орталығының қоғамдық көліктерінде электронды билеттеу кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Өткен жылдың соңында электронды билеттеу жүйесі ең алдымен трамвайларға орнатылатыны айтылған болатын. Бірақ белгілі бір себептерге байланысты ол кейінге қалдырылған және бұл процесс әлі де ұзаққа созылатын сияқты.

- Қазіргі уақытта басқару орталығын жабдықтау жұмыстары жүргізілуде, - деді Тамара Рахымжанова. - Мердігерлер одан әрі қоғамдық көліктерге, трамвайларға арнайы жабдықтар жеткізілгеннен кейін электронды билеттеу жүйесі іске асырылатын болады. Жұмыстың аяқталуы 2020 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.