Өскеменде күзетші болып жұмыс істейтін екі еркек көшеде 47 жастағы адамды соққыға жықты

740
көрілім

Күдіктілер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға қаладағы дәмханалардың бірінің маңайында түнгі уақытта болған. Екі адам көшеде кетіп бара жатқан азаматқа шабуыл жасаған.

- Соның салдарынан қала тұрғыны дене жарақатын алды. Полицейлер 19 жастағы күдіктілерді қолға түсірді. Анықталғандай, екеуі де күзетші- жүргізуші болып жұмыс істейді.Ұсталғандар өз кінәларін мойындады. Аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,-  деп хабарлады департаментінің баспасөз қызметі.

Валентина СЕЙІТҚАНОВА