Өскеменде мас жүргізуші ұсталды

647
көрілім
Шартты фотосурет

Наурыз айының 8-і күні кешкі сағат 18:30-да шамасында Өскемен-Шемонаиха автожолын патрульдеу кезінде ШҚО ПД патрульді полиция бөлімінің экипажы 9-шы шақырымда «ВАЗ-21070» автокөлігін байқаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Патруль қызметінде полиция аға лейтенанты Сұлтан Баяшев пен полиция аға лейтенанты Дәулет Дәулетшінов болған. Департаменттің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес инспекторлар көлік құралы түзу жүріп бара жатып бірден қозғалыс бағытын өзгерткеніне назар аударған.

– Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында экипаж мүшелері Глубокое ауданының 24 жастағы тұрғынының басқаруындағы осы көлік құралын тоқтатқан, - деді ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Талғат Нуриев.

Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкоголь иісі шығып тұрғандықтан жігітті алкогольдік ішімдіктерді пайдалану фактісіне медициналық куәландырудан өтуге жіберілген. Соның нәтижесіне сәйкес «жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде» болғаны көрсетілген.

Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК – нің 608-бабы 1 - бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік құралы Өскемен қаласындағы мамандандырылған тұраққа қойылды.