Өскеменде май зауыты өртенді

346
көрілім

Бүгін сағат 11.10 шамасында Степная көшесіндегі май зауытының аумағында ірі өрт болды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі

- Қызыл жалынды ауыздықтау үшін оқиға орнына 20 техника мен 70-ке жуық адам жұмылдырылды, қазір олар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, - дейді Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметі

Өрт күнбағыс тұқымын тазарту цехы мен шикізат қоймасында орын алған.

Төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, өрт болған аумақ 670 шаршы метрді құрады.