Өскеменде мемлекеттік балабақшаларды жеке кәсіпкерлер басқарады

312
көрілім

Өскеменде мемлекеттік балабақшалар жеке кәсіпкерлердің басқаруына беріледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының орталығында өтетін инвестициялық форумда қарастырылатын негізгі бағыттардың бірі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары мен сенімді басқару». Қала билігі мемлекеттік балабақшаларды жеке кәсіпкерлерге 10 жылға дейін басқаруға беруді көздеп отыр. Бұл уақыт аралығында кәсіп иесі балабақшада жөндеу жұмыстарын өзі жүргізіп, қажетті жиһаздармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Бірақ балабақша ақысын қымбаттатып жібере алмайды.

– Балабақша ақысы өспейді. Себебі аталмыш мекемелер мемлекеттікі болып қала береді. Тек уақытша басқаруға беріледі. Дегенмен кәсіпкер балабақшада қосымша ақылы қызметтер ұсына алады. Біз оның балабақша ісін дамытудағы жоспарларын шектемейміз, – дейді Өскемен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Арман Мұқтарқанұлы.

Ескерте кетейік, Өскеменде 30 қазан күні инвестициялық форум өтеді.