Өскеменде мыңнан астам адам көше жолдарында құлап жарақат алған

338
көрілім

Қалалықтардың травматолог дәрігерлерге көптеп жүгінуінің бір себебі – көктайғақ болып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ақпан айында облыстық мамандандырылған медициналық орталық жанындағы травматологиялық пунктке (бұрынғы бірінші қалалық аурухана) 1139 адам жүгінген. Олардың барлығы көшеде келе жатқанда аңдаусызда құлап жарақат алған, дейді БАҚ және мониторинг бойынша маманы Динар Ақшанова.
Наурыз айының алғашқы онкүндігі бойынша дәрігерлер 322 адам зардап шеккен деген ақпаратты алға тартып отыр.