Өскеменде соқтығысқан көліктер жол қозғалысын қиындатты

334
көрілім

Жол-көлік оқиғасы Гастелло көшесінде орын алған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

14 қаңтар күні, яғни кеше соқтығысқан екі көлік Гастелло көшесіндегі жолды толығымен жауып қалған. Оқиға орын алғаннан кейін бірнеше сағатта куәгерлер түсіріп алған бейнежазба әлеуметтік желілерде тарай бастады.

- Volvo жүк көлігі жолдың қарама қарсы бетіне шығып кетеді. Бұл уақытта Toyota Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі әрекет етіп үлгермей қалған. Нәтижесінде екі көлік соқтығысқан, - деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі. - Зардап шегушілер жоқ. Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілді.