Өскеменде тағы бір жерүсті өткелі пайдалануға беріледі

325
көрілім

Облыстық «Халифа Алтай» мешіті жанындағы жерүсті өткелі ертеңнен бастап пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- 8 ақпаннан бастап Сәтпаев даңғылы бойындағы, «Халифа Алтай» мешіті алдындағы жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өткелі, - деп жазды қала әкімі Жақсылық Омар өзінің Instagram парақшасында. - Енді «Ertis City» кешені тұрғындарына, мешіт жамағаты мен сол жағалаудағы саябаққа келушілерге ыңғайлы болады деп ойлаймын.

Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші бойынша жерүсті өткел «Спорт кешені» аялдамасына да салынған болатын.