Өскеменде төбеден құлаған қар автокөлікті зақымдады

813
көрілім

Оқиға 20 ақпан күні " Daniel" сауда үйінің маңында болған.

Полицияға Mazda көлігінің 21 жастағы жүргізушісі хабарласты.

- Айтуынша, жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кезде автакөліктің үстіне қар құлаған. Салдарынан көліктің капоты және төбесіне зақым келген, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар көлік иесі жаяу жүргіншілер өткелін қардан тазартуға тиісті мекеме қызметкерлерін жауапқа тарту туралы өтініш қалдырды.

Валентина СЕЙІТҚАНОВА