Өскеменде трамвай өртенді

215
көрілім
Фото dknews.kz сайтынан

Өскемен қаласында жүріп келе жатқан трамвайда өрт шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаладағы Назарбаев даңғылында маршрут бойынша жүретін трамвай өртеніп кетті. Сол кезде іште болған жолаушылар өз беттерімен сыртқа шығып үлгерді. 
«Оқиға орнына №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Белгілі болғандай, трамвайдың электр сымдары отқа оранған. Көп ұзамай жалын толықтай ауыздықталды. Алдын ала дерек бойынша өрттің шығуына – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс істеу себеп болған», - делінген ақпаратта. 
Тілсіз жаумен күреске 2 техника мен жеке құрамнан 8 адамы жұмылдырылды.