Өскеменде жаңа балабақша ашылды

280
көрілім

шасы ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынды. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Қазақстандағы AES компаниялар тобы 2014-2017 жылдар аралығында қайырымдылық жобаларды жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойды. «AES Өскемен ГЭС» ЖШС мен «AES Шүлбі ГЭС» ЖШС балабақша құрылысына 416 миллион теңге бөлді. Құрылыс 2016 жылы басталып, 2017 жылдың қарашасында ғимарат бүлдіршіндерді қабылдап бастады. Құрылыс аяқталғаннан кейін балабақша ғимараты қалаға қайтарымсыз сый ретінде тартылды.

Балабақшада 6 топ бар. Орыс және қазақ тілді топтары бар. Педагогтер штаты аудан тұрғындарының арасынан алынды. Балалармен 12 тәрбиеші, 6 тәрбиешінің көмекшісі, психолог, музыкалық жетекші, денешынықтыру мәдениеті бойынша маман жұмыс істейді. 1 және 2 санаттағы тәрбиешілерден бөлек штатта жас мамандар да бар.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов балабақшаға сыйлыққа теледидар тарту етті. Мекеменің кілтін AES Silk Road директоры Марина Михайлова директордың міндетін атқарушы Мөлдір Жолбарысоваға табыстады.

Даниал Ахметов концессиялық жобалардың аясында екі балабақшаның құрылысы жүріп жатқанын және тағы екеуінің құрылысы жуықта бастау алатынын айтты. Келесі балабақшаларадың барлығы бюджеттен тыс қаражатпен қаржыландырылады.