Өскеменде жылу қашан өшіріледі?

274
көрілім
Фото:Lada.kz сайтынан

«Өскемен жылу желілері» акционерлік қоғамы өкілдері барлығы ауаның орташа тәуліктік температурасына байланысты болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
-    Тұрақты орташа тәуліктік температура +10 градус және одан жоғары болуы керек. Сәуір айының ортасында жылуды алдын ала өшіру жоспарлануда, - деп хабарлады «Өскемен жылу желілері» АҚ баспасөз қызметі.
«Өскемен жылу желілері» АҚ тұрғындарға пәтерлерінде қолайлы температураны өз бетінше сақтай алатынын еске салады. Ол үшін радиаторларға реттегіштер орнату қажет.
Еске салсақ, былтыр жылыту маусымы ресми түрде 26 сәуірде аяқталған.