Өскеменді экологтардың талап етуімен кәсіпорын қызметі тоқтатылды

262
көрілім

Қыркүйек айында жарияланған «Поймай вонючку» акциясы аясында экологиялық заңнаманы бұзған тағы бір кәсіпорын жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

-ШҚО Экология департаментінің мамандары № 17 ЖШҚ «Еңбек-Өскемен» РМК-ға қатысты экологиялық заңнаманың сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді, - делінген департамент хабарламасында. - Нәтижесінде өз қызметін жүзеге асыратын аталған кәсіпорынның экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жұмысын тоқтату туралы бұйрық шығарылды.

РМК жұмысы құқық бұзушылық фактілері жойылғанға дейін тоқатылады.

Экологтардың мәліметінше, экономикалық қызмет процесінде артық шығындарға жол берген.

-Тексеру материалдары қылмыстық құқық бұзушылықтың бар-жоғын анықтау үшін Өскемен қалалық полиция басқармасына жіберілді, - деп толықтырды экология департаментіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында экологтар Өскеменнің және басқа да қала тұрғандары белсенді түрде қатысатын «Поймай вонючку!» акциясын жариялаған болатын.