Отандық бидайдың сапасы мен түсімі төмендеп кетті

665
көрілім
Фото:qaz.ulysmedia.kz сайтынан

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биылғы егін жинау науқанында қандай қиындықтар бар екенін айтып берді, деп хабарлайды Kazinform.

«Биыл егін жинау науқаны қиын өтіп жатыр, 25 күн жаңбыр жауды. Өнімділік 6 млн тоннаға аз болды», - деді Айдарбек Сапаров Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге, министр бидай сапасының төмендегенін айтты.

«Өткен жылы үшінші-төртінші сұрыптағы астық шамамен 90% болса, қазір элеваторларға әкелу деректері бойынша, ұн жасауға қажетті үшінші сұрып шамамен 35%. Төртінші сұрып 20% асады, ол да ұнға жарайды. Ал одан төмені жем-шөпке жіберіледі. Қымбаттауды көріп отырған жоқпын, керісінше, арзандау байқалады. Қазіргі уақытта фермерлер бидайды сата алмай жатыр. Сондықтан азық-түлік корпорациясы бағаны жариялайды. Қазақстандықтар қорықпауы керек, астық жеткілікті», - деді Айдарбек Сапаров.

Айта кетейік, Қазақстанда 11,4 млн тонна бидай жиналды.