«Пәтер, көлік және 16 млн.теңге» – Юлия Галышеваға жерлестерінің тартуы

711
көрілім

ШҚО әкімі Даниал Ахметов ХХІ Халықтық ойындардың салтанатты ашылу рәсімінде қысқы Олимпиада ойындарында қола медаль иеленген жерлесіміз Юлия Галышеваға су жаңа пәтер мен көліктің кілтін және 16 миллион теңгенің сертификатын табыс етті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Аймақ басшысы отандық спорттың жарық жұлдызы Юлия Галышеваға облыс орталығының элиталы ауданынан пәтер мен «Peugeot» автокөлігінің кілттерін, сонымен қатар 16 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

– Шығыс Қазақстанның барлық тұрғындарына зор алғысымды білдіргім келеді. Туған жерінде бұндай қошемет көру Олимпиада жүлдесін алғанмен пара-пар. Жарыстарға дайындалып жатырмын және сіздер артқан сенімді ақтауға барынша тырысамын, – дейді Юлия Галышева.