«Рахат» балабақшасында Ұлыстың ұлы күні әлі тойлануда

151
көрілім

Өскемендегі «Рахат» балабақша кешенінде Наурыз мерекесіне орай мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл жақта әз-Наурыз әлі жалғасуда. «Рахат» балабақшасында қызықты бағдарлама аясында келушілер бір серпіліп қалды. Ұлан ауданының тісқаққан құсбегілер келіп, көршелілер тұрмысынан сыр шерткендей. Мекеме ғимаратында шара қонақтары мен ата-аналар үшін арнайы шақырылған өнерпаздар бар мүмкіндігін паш етті. Кейінірек барлығы фото алаңда бүркітпен бірге суретке түсуге мүмкіндік алды.

Кеш қонақтары көтеріңкі көңіл күймен ұлттық спорт түрін дамыту мақсатында балалармен бірге асық ойнап, арқан тартысып, өзара кіл мықтыны анықтады. Балабақша әдіскері Меруерт Алмасқызының сөзінше, мекеме ішінде Ұлыстың ұлы мерекесі Наурыз мейрамы әлі тойлануда. 


- Шараға орай балабақша ішінде “Бала мерген”, яғни балақайларға арналып садақ ату жобасы іске асырылды. Бұндағы негізгі мақсат - бүлдіршіндерді кішкентай кезінен бастап мергендік пен шыдамдылыққа тәрбиелеу. Осы ретте ата-аналар мен балалар бірлесіп, өз өнерлерін  көрсетеді, - деп түсіндірді мекеме маманы. 
Бұған қоса балабақша алаңында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында “Ұлттық құндылық - Ұлт қазынасы” атты кішігірім көрме ұйымдастырылды. Кейіннен алаңқайда қазақтың қос бірдей киіз үйі тігіліп, қонақтарға меркелік дастархан жайылды.

Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ