Риддер қаласында маусымдық жәрмеңке басталды

290
көрілім

Риддерде ауылшаруашылық өнімдерін қолжетімді бағамен алуға болатын маусымдық жәрмеңкелер басталды. Енді сенбі және жексенбі күндері бұрынғы Маяковский атындағы кинотеатр жанындағы Тәуелсіздік даңғылығында өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алғашқы күзгі сауда қарашаның 16-сы күні өткен екен.

– Аталмыш жәрмеңкеге Риддер, Шемонаиха қалаларының және Черемшанка ауылының кәсіпкерлері қатысты, – дейді қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Әсел Жұмабаева. – Олар тұрғындарға етті төмен бағамен ұсынды. Қой етінің бір келісі – 1700, сиыр және жылқы еті – 1500 және шошқа етін 1400 теңгеден сатты.

Сондай-ақ Әсел Маратқызы ет өнімдерімен қатар балық, көкөністер де әкеліп сатуға болатынын жеткізді.

Фотосурет шартты

Асыл АЙТБАЕВ