Риддерде аюлар оянды

306
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Мамандар маймақпен ұшырасып қалсаңыз не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Риддермен қатарласып, соңғы уақытта Алтай ауданындағы жағдай да айтылып жатыр. Себебі, ол жақта демалыс базалары маңында маза бермей, ара-ұра ақырып өтетін. Елдімекендердің шетіне де жақындап, тұрғындар көзіне түсті.
Жалпы, Риддер орман шаруашылығы өкілдері тағымен жолығып қалғанда қалай әрекет ету керектігін былтыр да айтқан болатын.
- Егер алыстан көріп қалсаңыз, оған көрінбей, кетіп қалғаныңыз дұрыс. Сізді байқап қалып, қашамын десеңіз, онда құтылу қиын. Себебі, жемтігін көрген ол соған жетпей қоймайды. Керек болса, сағатына 70 шақырымға дейін жылдамдығын арттыра алады. Аю сізге шаппаса, қиғаштау бағытта біртіндеп шегінген жөн. Із алып, соңыңыздан ере түссе, тоқтап, орныңыздан тапжылмаңыз. Бас салса, берілген дұрыс. Жерге құлап, өліп қалған кейіп танытыңыз. Етбетімен жатып, басыңызды қолыңызбен жапқан жөн. Аю өзіне қауіп төніп тұрмағанын сезсе, шабуылын тоқтатады, - деді аңшылық шаруашылық мамандары.

Асыл АЙТБАЕВ