«Сергектің» қателігі үшін полицияға барудың қажеті жоқ

330
көрілім

Өскемен қаласының кейбір көшелерінің қиылысында «Сергек» әлі де толығымен өз жұмысын бастаған жоқ. Бірақ көлік жүргізушілеріне өздері бұзбаған жол ережесі туралы хабарламалар келіп жатыр. Бұл қателіктер үшін енді полицияға барудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Жол қозғалысы мен ережелердің бұзылуы қалай және неге тіркелгені туралы Қазақстан көшесі 59/1 мекенжайы бойынша облыс әкімдігінің қоғамдық қабылдауынан білуге болады. «Сергек» орталығы аталған мекенжайдың екінші қабатында орналасқан. Бірінші қабаттағы кезекші бөлімде толғандырған сауалдарға нақты жауап беру үшін полиция қызметкері отыратын болады.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының басында көлік жүргізушілері жібермеген қателіктер үшін айыппұл төлеу жөнінде түбіртек келгендігін айтып шағымданды. Бұл жағдай бейнежазбаның ақаулары салдарынан орын алды деп түсіндірілген болатын.