ШҚО ауыл шаруашылығы техникасын құрауды өзбекстандық серіктестермен бірге қолға алмақ

554
көрілім
Кеше ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өзбекстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Икром Назаровпен жолығып, бірқатар жайттарды талқыға салды. Кездесу барысында аймақ басшысы өзбекстандық техникаларды ШҚО-да құрастыру мүмкіншілігін айтып өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бізді Өзбекстанда құрастырылатын трактор мен комбайнның «John Deere» және «New Holland» фирмалары арқылы жасалатын соңғы модельдері қызықтырып отыр. Олар ыңғайлы, сапалы, әрі қолжетімді. Сондай-ақ, сіздердің жапониялық фирмамен бірлесіп құрастыратын шағын автобустар және жедел жәрдем көліктері де бізді қызықтырады. Ол техникаларды ШҚО-дағы «СемАз» кәсіпорынында жасауға болады, — деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімі ауыл шаруашылық техникасын құрастыру мүмкіндіктерін зерттеу үшін Хорезмнен арнайы өкілдерді шақырып отыр.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ