ШҚО- дағы қалалар мен ауылдарда жүздеген абонент жарықсыз қалды

277
көрілім
Фото:hi-tech.mail.ru сайтынан

Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, оқиға ауа райының қолайсыздығынан туындаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күн райының өзгеруінен электр желілері күтпеген жерде үзіліп кеткен көрінеді. Соған сәйкес, Өскемен (Теміржолшылар, Астафьева көшелері) және Риддер қаласын қосқанда 2730 абонент энергия көздерін пайдалана алмай отыр.
Қатонқарағай ауданында Қызыл Жұлдыз, Бірлік, Барақ батыр ауылдары, Ұлан ауданындағы Манат ауылы мен Белогорский ауылы, Зайсан ауданындағы Үлкен Қаратал, Қаратал ауылдары жарықсыз қалды.
- Туындаған апат салдарын жою үшін «Біріккен энергетикалық сервис компаниясы» АҚ жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылып, 10 жөндеу бригадасы жұмылдырылды, - деді басқармадағылар.