ШҚО дәрігерлері ми ісігін алудың жаңа әдісін меңгерді

343
көрілім

Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың нейрохирургтері жоғары технологиялық отаның тағы бір түрін меңгере бастады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл - ми ісігін бір де бір тілім жасамай алу әдісі. Отадан кейін пациенттің мұрыны аздап бітелуі мүмкін. Себебі гипофиз мұрын арқылы жасалады.

- Мұндай ота алғаш рет Шығыс Қазақстанда өткізіліп отыр. Бұл нейрохирургиядағы ең қиындардың бірі болып саналады. Шығысқазақстандық хирургтардың осындай отаны жасау дағдыларын меңгеруі үшін «Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық нейрохирургия орталығының» трансназальды эндоскопиялық нейрохирургия бөлімінің нейрохирургі, медицина ғылымдарының кандидаты Данияр Телтаев арнайы келген. 2 күндік шеберлік сағаты аясында оның жетекшілігімен мұрын арқылы ми ісігін алу бойынша бірқатар ота жасалды, - деп хабарлады ШҚО ӘМСҚ. 

От жасалған төрт науқас – облыс тұрғындары. Бір-екі жыл бойы олар көру қабілетінің нашарлауына шағымданған. Офтальмологтардың амбулаториялық деңгейде тексеруі ісікке күдік туғызды, ол МРТ зерттеулерімен расталды. Шақырылған маманның айтуынша, бұл науқастар біраз уақыттан кейін мүлдем көру қабілетінен айырылуы мүмкін еді.