ШҚО әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды

346
көрілім

Аймақ басшысы Даниал Ахметов тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

- 21 қараша күні сағат 10.00-де Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүзеге асыру аясында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» жалпыреспубликалық іс-шарасы аясында мен, сондай-ақ, қалалар мен аудандар, ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді, - деді Даниал Кенжетайұлы.

ШҚО әкімінің қабылдауы Өскемен қаласы Қ.Қайсенов көшесі 121, облыстық «Nur Otan» партиясы филиалы мекенжайында жүргізіледі. Қабылдауға алдын-ала жазылу үшін келесі байланыс телефондарына хабарласа аласыз:

1) 8(7232)700-300, 8(7232)700-999, ШҚО әкімі аппараты​

2)1331,​ Instagram @1331.kz.vko, WhatsApp 8-777-056-1331, 8-771-202-20-02 немесе Өскемен қ., Қазақстан ​ көш., 59/1 мекен-жайы бойынша. Қоңырау шалу тегін.