ШҚО полицейлері көлік ұрлаған ер адамды құрықтады

657
көрілім
Шартты фотосурет

Глубокое ауданы полиция бөлімінің «102» арнасына 33 жастағы ер адам телефон шалып, дүкендердің бірінің жанында тұрған «Chevrolet» маркалы автокөлігін белгісіз біреулердің ұрлап айдап кеткендігіне шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жәбірленуші автокөлігін 2 000 000 теңгеге бағалады.

- Патрульдік полиция қызметкерлері дереу жедел операциясын қолға алды. Операция барысында «Өскемен – Шемонаиха» тасжолында ұрланған автокөлікті тізгіндеген Глубокое кентінің 41 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті қылмыс жасағанын мойындап, ұрланған автокөлік тәркіленді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.