ШҚО полицейлері жарты тоннадан астам есірткі заттарын тәркіледі

406
көрілім

Өңірде «Қарасора-2021» жедел алдын алу шарасы басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жыл сайын маусым айының 1-нен бастап бүкіл республика аумағында «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Шараның негізгі мақсаты - есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтап, республиканың оңтүстік өңірлерінің аумақтарында өсетін жабайы сораны заңсыз жеткізу арналарының жолын кесу.
Бұл жаз-күз мезгілінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер, атап айтқанда «тетрогидроканнабинол», яғни марихуана, гашиш жасалынған қарасора өсіп-өнетін уақыт.
Операцияны жүргізудің тағы бір мақсаты - ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру және ҚР ӘҚБтК-нің 420-бабына сәйкес жабайы сораны жоюға бағытталған шараларды қабылдамау фактілерін анықтау.
- Оңтүстік өңірлерден жабайы өсетін сораны және басқа да психотроптық, есірткі заттарын шығару арналарын жабу үшін облыс аумағында 4 жедел-мобильді топ құрылды. Жыл басынан бері ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 638 кг түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Бес ай көлемінде есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 120 факт анықталып, оның ішінде 91-і сату мақсатында екені белгілі болды - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
«Қарасора-2021» жедел алдын алу шарасы 30 қазанға дейін жалғасады.