ШҚО-да 17,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

90
көрілім
Фото автордікі

Бұл туралы «Жер қатынастарын цифрландыру» тақырыбында өткен баспасөз конференциясы кезінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 
Аталған жиынға  ШҚО Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Сарманов пен ШҚО Жер қатынастары басқармасының жерді пайдалануды есепке алу және мониторинг бөлімінің бас маманы Динара Аскарбекова қатысты.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде облыс аумағы 9785,9 мың га құрайды. Оның ішінде егістік – 672,3 мың га, тыңайған жерлер – 70,5 мың га, көпжылдық екпелер – 3 мың га, шабындықтар – 460,8 мың га, жайылымдар – 5125,2 мың га. 
Өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақ бойынша мемлекеттік меншікке 125,7 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер қайтарылды. Ал 2024 жылдың басында 17,5 мың га кайтарылды. Жауапты тұлғалардың сөзінше, біршама тұрғын пайдаланылмай жатқан учаскелерді өз еріктерімен қайтарған.                                                                                                                            
- Ережеге сәйкес, қайтарылған аумақтар жер заңнамасын  ескере отырып, қайта бөлінеді. Бірінші кезекте, қалалар мен аудан әкімдіктері жергілікті халықтың мал жаю үшін жайылымдарға деген кажеттілігін канағаттандыруға баса назар аударатын болады. Осыған орай, пайдаланылмайтын және ҚР заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды, - деді конференция барысында Динара Аскарбекова.
Аталған басқарма 2019 жылдан бастал республика аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша ғарыштық мониторингін жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуде. 
Ғарыштық мониторинг жерді пайдалануды талдаудың тимділігін арттыру үшін жерді қашықтықтан зондтау деректерді пайдалану негізінде жүргізіледі.
2024 жылдың 3 айында қалалар мен аудан әкімдіктерімен жер қатынастары саласында 4192 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Басқарма 2024 жылдың бірінші тоқсанында 16 мемлекеттік қызмет көрсетті. Жер қойнауын пайдалану мақсатында 9 жер учаскесін берді.

Қымбат МУХАМАДИЕВА