ШҚО-да 3 млн теңгеге деп бағаланған қызмет көрсету сомасы порталда 300 млн теңгеден асты

205
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен жиын кезінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, мемлекеттік сатып алудағы «бірыңғай терезе» порталы аясында Антикор өкілдері 702 млн теңгені үнемдеген.

– Мәселен, «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік білім беру орталығы биыл 303 млн теңгеге байқау жариялады. Облыстық Білім басқармасына қарасты мекемеге интернетке қосылу қажеттілігі туындады. Кейінірек мемлекеттік сатып алу конкурсы қайта қаралып, 300 млн теңге үнемделді, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшысы Денис Шакенов.

Қызығы сол, 3 млн теңгенің қызметі 300 млн теңгеге артық етіп көрсетілген. Осы фактіге сәйкес Білім басқармасына тиісті хат жолданды.

Әділхан ЕСІМХАНОВ