ШҚО-да «Апару» жүргізушісі жолаушының жүзігін кепілдікке алып, қашып кеткен

346
көрілім

Өскемен қалалық Полиция бөліміне шағымданған тұрғын такси жүргізушісінің жүзігін ұрлап кеткендігін айтқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жәбірленушінің айтуынша, діттеген жеріне жеткізген таксиске төлейтін ақшасы жетпей қалған. Кепіл ретінде ол өзінің алтын жүзігін қалдырып, ақшаны тез арада алып келуге келіскен. Жүзіктің құны тым қымбат екендігін байқаған жүргізуші ақшаға кеткен жолаушысын күтпей белгісіз жаққа тайып тұрған.

– Келтірілген шығын көлемі 46000 теңгені құрады. Заңбұзушылық әрекетке барған 39 жастағы жүргізуші кінәсін мойындаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.