ШҚО-да бірқатар көше атаулары өзгеруі мүмкін

240
көрілім

Келесі жылы Риддер қаласының кейбір көшелері жаңа атау иеленуі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Ұзақ уақыттан кейін ономастикалық өзгерістер өткен жылдың соңында бастау алған болатын.

Содан кейін мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Наталья Мироненко Риддерде идеялық тұрғыдан ескірген 45 көшенің атауын өзгерту туралы ұсыныс білдірді. Өзгертуге ұсынылғандардың саны төртеу. Олар Красноармейская көшесін Руднаяға, Коминтерн - Теректі (Тополина), Бірінші Стахановская - Бірлік, Екінші Стахановская - Гранит. Риддер депутаттары бұл өзгерісті қолдағанымен, аймақтық халық қалаулылары Бірінші Стахановская көшесін Бірлік деп атауды ғана мақұлдаған.

Шенеуніктердің айтуынша, қазірі уақытта мәдениет бөлімі қала көшелері атауларын өзгерту туралы тұрғындардың ұсыныстарын қабылдауда. Мәселен, ресейлік революционер-большевик Яков Свердловтың есімінің орнына депутат,Ұлы Отан соғысының ардагері Заки Тезекпаевты қою ұсынылды.

Ұлы Отан соғысына қатысып, Кеңес Одағының Батыры атағын алған лениншілдер есімдері берілген көшелердің атауы өзгертілмеуі мүмкін. Бүгінгі таңда ардагерлердің есімі берілген төрт көше - Рощин, Безголосов, Тоқтаров, Колчин. Тағы бес есімді өзгертпеу ұсынылуда. Олар: Сумин, Ефремов, Гуляев, Южаков, Тютюнков.

Сондай-ақ ономастикалық комиссияға Островский көшесінің атауын Абай көшесіне өзгерту туралы ұсыныс келіп түсті. Келесі жылы қазақтың ұлы ақынының туғанына 175 жылдығы атап өтіледі.

Ал Риддер жазушылар қауымдастығы жақында өмірден өткен Михаил Немцовтың есімін Орджоникидзе көшесіне беру туралы бастама көтерді. Дарынды жерлесіміз біраз уақыт сол жерде тұрып, үлкен мәдени мұра қалдырған.

- Мұның бәрі әзірге ұсыныстар ғана. Міндетті түрде өзгертулерге байланысты тыңдалым өткізіледі. Кейін ұсыныстар депутаттардың қарауына жіберіледі, - деді мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Наталья Мироненко.