ШҚО-да биыл 300 шақырымға жуық жол жөнделді

321
көрілім

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес, осы жылы жалпы пайдаланудағы жолдардың 283 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның 160 шақырымы облыстық, 123 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар. Ведомство өкілінің хабарлауынша, өңірде автомобиль жолдары желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 12 мың километрді құрайды. Оның ішінде 3,4 мың шақырым республикалық, 3,2 мың шақырым облыстық және 5,3 мың шақырым аудандық маңызы бар жолдарға жатады.

Биыл Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар, Үлкен Нарын-Күршім, Өскемен - Тарғын - Самар, Омбы – Майқапшағай – Шілікті – Ақжар, Шемонаиха – Усть-Таловка, Шемонаиха – Большая речка, Семей – РФ шекарасы – Новопокровка – Петропавловка – Зубаир – Байтанат - РФ шекарасы, Семей – РФ шекарасы - Воскресеновка - Петропавловка – Шелехово – Новопокровка – Петропавловка – Зубаир – Байтанат – РФ шекарасы, Белағаш – Дмитриевка, Таврическое – Каменка-Завидное, Таскескен – Бақты-Қарабұта-Ақшоқы, Омбы – Майқапшағай – Жарсу – Бақасу – Саржыра автомобиль жолдарының учаскелеріне, сондай-ақ, Абай ескерткіші мен Беген, Солдатово, Көктерек, Боран, Ойшілік, Глубокое, Белоусовка және Тассай ауылдарының кіреберіс жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ ЖҚЖК бағдарламасы аясында аудандық маңызы бар 50,4 шақырым жол орташа жөндеумен қамтылды. Осылайша, Преображенка – Шұғылбай, Күршім – Алғабас, Үржар – Қызылту - Бургон, Новодворовка – Переменовка – Ремки ауылдары арасындағы жол учаскелері және Жаңаауыл ауылына кіреберістер жөнделді.