ШҚО-да бұршақ жаууы күтіледі

374
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республиканың басым бөлігі циклонның ықпалында болуына қарай кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууыықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек елдің солтүстігінде ғана антициклон жотасының әсерінен күн жауын шашынсыз болаы. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, ШҚО-ның кей жерлерінде бұршақ жаууы күтіледі.