ШҚО-да «Jas Otan» Жастар қанаты төрағасының қатысуымен конференция өтті

661
көрілім

Бүгін «Jas Otan» Шығыс Қазақстан облыстық филиалының VIII есептік-сайлау конференциясы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев конференцияның өту күн тәртібімен таныстырды. Іс-шара барысында бірінші кезекте «Jas Otan» ЖҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Маржан Бахытқызының қорытынды есебі тыңдалды. Екінші кезекте «Jas Otan» ЖҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі болып Алмас Виленұлы Айтмұқаш сайланды.
Аталмыш конференцияға ШҚО ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің жетекшісі Е.С. Балтабеков және Облыстық жастар ресурстық орталықтарының өкілдері мен жастар ұйымдарының басшылары ZOOM платформасы арқылы байланысқа шықты. Конференция барысында «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О. Чугунков құттықтау сөз сөйлеп Маржан Бахытқызының атқарған жұмысына ризашылығын білдіріп, жаңа жетекші Алмас Айтмұқашқа сәттілік тіледі.
Конференция соңында «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев Маржан Бахытқызының атқарған еңбегіне ыстық ықыласын білдіріп, арнайы Алғыс хатпен марапаттады.