ШҚО-да қатты ыстық күтіледі

367
көрілім
Шартты фотосурет

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Мамандар кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды деп болжауда. Республиканың батысында бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың қиыр солтүстігі мен шығысында жауын-шашын жаумайды.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, шаңды дауыл соғып, солтүстікте тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіліп, Алматы, Атырау, Қостанай, Ақмола, Павлодар, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.