ШҚО-да көктайғақ болады

276
көрілім

Ел аумағының басым бөлігінде ауа райын антициклон анықтайды. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлер төмен қысымның ықпалында болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, шығыста және орталықта көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстікте шаңды дауыл болжануда.
Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Павлодар, түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с артады. Қарағанды ​​облысында екпіні 23-28 м/с жетеді.