ШҚО-да құтқарушылар ауыл тұрғындарына қар тазалауға көмектесуде

340
көрілім

Глубокое ауданында құтқарушылар ауыл тұрғындарына қар тазалауға көмектесуде, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Соңғы күндері қар толассыз жауып тастады. Жер-жерде қар тазалау жұмыстарына техника жетпей жатыр. Сол үшін екі қолға бір күрек алған құтқарушылар әлеуметтің әлжуаз топтарына көмекке келуде, - деп хабарлады Глубокое ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.

Қоса кетсек, ШҚО ТЖД ертең облыста тағы да қар жауып, бұрқасын болатынын мәлімдеді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетпек.