ШҚО-да медициналық-құтқару пунктінің дәрігерлері жүргізушіге көмектесті

261
көрілім

Жол бойында көлігі бұзылып қалған жүргізуші біраз уақыттан кейін өзін жайсыз сезіне бастаған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

5 ақпан күні «Семеновка» медициналық-құтқару пунктінің дәрігерлеріне полиция қызметкерлері хабарласты.

- Полицейлер Омск-Майқапшағай тасжолының 594-ші шақырымында (Бесқарағай ауданы Мағау ауылының маңы) жүргізушінің ауырып тұрғанын айтты, - деп хабарлайды апаттар медицина орталығының облыстық филиалы. - Оқиға 40 шақырым қашықтықта орын алды. 53 жастағы ер адам көлігін басқарып келе жатқанда көлік бұзылып қалған, біраз уақыттан кейін жүргізуші өзін жайсыз сезіне бастаған.

Дәрігерлер науқастың қан қысымы көтерілгенін және гипотермия белгілері барын байқап, дереу арада медициналық-құтқару пункітіне жеткізді.