ШҚО-да мұғалім жалған куәлік жасағаны үшін айыппұл арқалады

282
көрілім
ашық дереккөзден

Өскеменде мұғалім қосымша ақы алу үшін педагог-модератор куәлігін қолдан жасаған, деп хабарлайды Buqar.kz  сайтының тілшісі.

Өскемен қалалық №2 сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қала мектептерінің бірінде мұғалім «педагог-модератор» біліктілік санатын аяқтағаны туралы жалған куәлік жасаған.

Жоғарғы жалақыға ие болу үшін оқу орнының басшылығына осы құжатты ұсынған. Алайда айласы іске аспай әшкереленіп, сот әйелді Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен (Көрінеу жалған құжат пайдалану) кінәлі деп таныды.

«Кінәні мойындау, шын жүректен өкіну және соттылығының болмауы іс бойынша жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды, - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Әйелді 70 мың теңгеден астам айыппұл күтіп тұр.